2023 жылдың 7 сәуірінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘК онкүндігі аясында Зайдинова Татьяна Алексеевна ДВБ-2-21 тобында «Балабақшаның дене шынықтыру жетекшісі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Студенттер «Мектепке дейінгі ұйымның кіші, орта, ересек тобындағы дене шынықтыру сабағында ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізу әдістемесі» атты жаңа тақырыппен танысты. Сабақ барысында әртүрлі инновациялық оқыту технологиялары қолданылды: миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс және т.б. Студенттер жаңа тақырыпты талқылауға белсене қатысып, шығармашылық тапсырмаларды да қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, студенттер сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.